Байқау туралы

«Маңғыстау облысы бойынша үздік сайттардың интернет-жүлдесі» - Маңғыстау облысының және де осы облысқа қатысы бар сайттар арасында өткізілеіп отырған алғашқы аймақтық онлайн байқау. Байқау «Грант Казахстан» корпоративтік Қорнының бастамасымен және  «Mediana Services Limited» ЖШС АТ-компаниясының ұйыдастыру және техникалық қолдаулары негізінде жолға қойылып отыр. 

Қордың қызметінің негізгі мақсаты, аймақта және Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және қолғабыстық қолдау көрсету мақсатында әр-түрлі әлеуметтік, мәдени, қайырымдылық, білім беру және басқа да шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Сондықтан, байқаудың басты мақсаты Маңғыстау облысында интернет-технологиясын жандандыру мен одан әрі дамыту және облысымыздағы интернет-қолдушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Байқаудың негізгі ұстанымы:

  • Маңғыстау облысына тікелей не жанама қатысы бар сайттардың сапасын анықтау және бағалау
  • Облысымыздағы ұйымдар, мекемелер мен өндірістік орындарда Интернет мүмкіндіктерін барынша қолдануға насихаттау
  • Халық арасында ақпараттық технологияларды дәріптеу, ақпараттық сауаттылығын арттыру

«Грант» интернет-жүлдесін халықтық байқау десе де болады, себебі, әр номинация бойынша ақтық сынға қалатын үш үміткерді, халық арасынан ерікті түрде сайланған сарапшылар анықтайды.

Байқауды ашық әрі әділ өткізу үшін, біз үміткерлерді таңдау еркін халықтық сарапшыларға бердік. Ұйымдастырушы комитеттің келісімімен, халықтық сарапшы болуға сауалнаманы толтырған Интернет қолдаушылар, аталмыш байқауға сарапшы ретінде мүше бола алады. Таңдау барысы өте қарапайым. Сарапшы: Интернет желісінде белсенді, жаңашыл, өңірдегі интернет саласының жағдайына мән беретін, сайттардың мағынасы мен мазмұнын ажырата алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан азамат болғаны жөн.

Халықтық сарапшы сайтты бағалау барысында, өзінің жеке субъективті көзқарасына байланысты емес, жалпы, объективті , бейтарап көзқараспен бағалауы тиіс

Сарапшылардың сайттарды бағалау шарттары:

Халықтық сарапшы мүшелері, байқауға қатысушылардың сайттарын ұйымдастырушы комитетімен арнайы құрылған автоматтандырылған алгоритм бойынша есептелетін жүйе арқылы бағалайды. Сайттар он баллдық жүйе бойынша бағалады. Алғашқы бағалау жүйесі бойынша, барлық қатысушыларға біркелкі бес баллдан беріледі. Әрбір халықтық сарапшы балл беру барысында сайттың ағымдағы бағасына қатысты белгілі бір диапазонда (-2;2) ғана бағалай алады. Мысалы: сайттың бастапқы бағасы = 5, бұл жағдайда халықтық сарапшы келесі бағаларды қоя алады: 3, 4, 5, 6 немесе 7. Сарапшының берген дауысы сайттың бастапқы бағасына қосылып орташаланады. Мысалы: Егер бастапқы баға = 5 болса, халықтық сарапшының берген бағасы = 7 болса, онда сайттың ағымдағы бағасы = (5+7)/2 = 6. Келесі сарапшы сайттың ағымдағы бағасына негізделе отырып   6 баллдың төңірегінде дауыс бере алады, ол дегеніміз, 4, 5, 6, 7 немесе 8. Бұндай бағалау әдісі, сарапшының әдейі сайттың ағымдағы баллын күрт көбейтіп не азайтып жібермесі үшін арнайы жасалды. (мысалы, сайттың ағымдағы бағасы 7 баллға тең болса, 2 қоймасы үшін).

Әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін, біздің тараптан арнайы сарапшылар тобы шақырылды. Олар сайтты әр номинация бойынша өз дәрежесінде, техникалық, дизайнерлік және маркетингтік жағынан да бағалай алатын АТ-саласындағы мамандардан құралған. Олар жеңімпаздарды анықтай отырып, үміткерлерді тиісті, яғни бірінші, екінші, үшінші орындар аралығында орналастырып, орта орынды есептеп шығарады. Ішіндегі ең төмен орташа орындағы сайт, жеңімпаз атанады.

Арнайы сарапшылар тобының дауыс беру барысы толықтай автоматтандырылған және сырттай өзгерту ықпалынан сақталған. 



Бас демеуші:

Ресми демеушілер:






       Ақпараттық қолдау:
Радио Тандем (103.8 fm) Казахстанский информационный IT-портал Телерадиокомпания «Казахстан Актау» Рейтинг веб-студий Казахстана Свежие новости Казахстана Интернет ресурс газеты Лада

       Ұйымдастырушылық қолдау:
Интернет Ассоциация Казахстана
Ұйымдастырушылық қолғабыс
Акимат города Актау
Ұйымдастырушылық қолғабыс
Акимат Мангистауской области
Ұйымдастырушылық қолғабыс
Отель Ренессанс Актау
Ресми салтанатты өткізу
#
Полиграфия қызметтері