Өңірлік үздік сайттардың Интернет жүлдесін өткізу басқыштары

Бірінші кезең (1 қазаннан 31 қазанға дейін) – сайт-номинанттарды тіркеуге қабылдау. Халықтық дауыс беру кезеңінің басталуы.

Осы кезеңде Жүлденің ресми сайтында байқауға қатысу үшін сайт тіркеуге өтініштер қабылдау басталады. Байқау 12 негізгі және 4 қосымша номинациядан тұрады. Соныңмен қатар, бірінші кезеңде сайттарды тіркеуге өтініштерді қабылдаумен бірге, тіркеліп отырған сайттарға кез келген қолданушының сайттарға өз дауыстарын беру мүмкіндігі де басталады. 

Сайт қолданушыларының қатарында жүрген тұлғалардан екінші кезеңде сайттарды бағалаудың халықтық сарапшысы болып жазылуға ұйымдастыру комитетіне өтінім жолдау жұмыстары да жалғасады.

Екінші кезең (1 қарашадан 20 қарашаға дейін) – сарапшылардың сайттарды бағалау жұмыстары, номинанттарды анықтау.

Байқаудағы қатысып жатырған сайттарға өз пікірі мен бағаларын беріп отырушы халық арасынан сарапшылар осы кезеңде өз жұмысын бастайды. Себебі, Байқауды ашық әрі әділ өткізу үшін, біз үміткерлерді таңдау еркін халықтық сарапшыларға бердік.  

Ұйымдастырушы комитеттің келісімімен, халықтық сарапшы болуға сауалнаманы толтырған Интернет қолдаушылар, аталмыш байқауға сарапшы ретінде мүше бола алады. Таңдау барысы өте қарапайым. Сарапшы: Интернет желісінде белсенді, жаңашыл, өңірдегі интернет саласының жағдайына мән беретін, сайттардың мағынасы мен мазмұнын ажырата алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан азамат болғаны жөн.  

Үшінші кезең (21 қарашадан 30 қарашаға дейін) – қазылар алқасының жұмысы, номинация жеңімпаздарын анықтау. Халықтық дауыс беру кезеңінің аяқталуы.

Марапаттау рәсімі (3 желтоқсан) 


Просмотры: 2518


Бас демеуші:

Ресми демеушілер:






       Ақпараттық қолдау:
Радио Тандем (103.8 fm) Казахстанский информационный IT-портал Телерадиокомпания «Казахстан Актау» Рейтинг веб-студий Казахстана Свежие новости Казахстана Интернет ресурс газеты Лада

       Ұйымдастырушылық қолдау:
Интернет Ассоциация Казахстана
Ұйымдастырушылық қолғабыс
Акимат города Актау
Ұйымдастырушылық қолғабыс
Акимат Мангистауской области
Ұйымдастырушылық қолғабыс
Отель Ренессанс Актау
Ресми салтанатты өткізу
#
Полиграфия қызметтері